ЕЛОРДАНЫҢ ЕКІ БІРДЕЙ ҚАРИЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫНДА ЖОҒАРҒЫ ОРЫН ИЕЛЕНДІ (ФОТО)

16 қыркүйек 2024 201 0
Оқу режимі

Павлодар қаласындағы «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІІІ республикалық байқауы мәресіне жетті.

80 үміткер қатысқан байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, сауапты іс-шараға демеушілік жасаған Бахаридин Аблазимов, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Құран сайысының өз жүлдегерлері анықталып, ҚМДБ Төрағасы тарапынан марапатталды. Ал, Астанадан барған қатысушылар Дінмұхамед Әбішев жеңімпаздар ішінен суырылып алға шығып, «10 пара» аталымы бойынша І орынды қанжығасына байласа, Мансұрхан Уәлихан «30 пара» аталымы бойынша ІІІ орынға ие болды.

Астана қаласының өкілі Ерболат Жүсіпов қатысушыларымызды құттықтай отырып, өзінің ыстық ықыласы мен ізгі лебізін білдірді.

Сонымен қазылар алқасының шешімімен 4 аталым бойынша жеңіс тұғырынан көрінген жалпы қарилардың тізімі төмендегідей:

«Мәнерлеп оқу» бойынша:

І орын ( 700 000 теңге) – Саламат Иманғалиев (Атырау облысы)

ІІ орын (500 000 теңге) – Әбілқасым Әбдірахманұлы (Қарағанды облысы)

ІІІ орын (300 000 теңге) – Әлихан Мұратов (Павлодар облысы)

«10 пара» бойынша:

І орын (1 500 000 теңге) – Дінмұхамед Әбішев (Астана қаласы)

ІІ орын (1 000 000 теңге) – Мұхамедәли Шәкіров (Алматы облысы)

ІІІ орын (750 000 теңге) – Нұрислам Тұражанов (Түркістан облысы)

«20 пара» бойынша:

І орын (3 000 000 теңге) – Арсен Есімбек (Қарағанды облысы)

ІІ орын (2000 000 теңге) – Асадулла Эминтаев (Шымкент қаласы)

ІІІ орын (1 500 000 теңге) – Махмұт Мырзахмет (Түркістан облысы)

ІV орын (800 000 теңге) – Махамбет Тасболатов (Ақтөбе облысы)

V орын (500 000 теңге) – Абдулбасит Маву (Жамбыл облысы)

«30 пара» бойынша:

І орын (автокөлік) – Әбілқайыр Жұбан (Алматы қаласы)

ІІ орын (4 000 000 теңге) – Абдулазиз Илхамжанов (Шымкент қаласы)

ІІІ орын (3 000 000 теңге) – Мансұрхан Уәлихан (Астана қаласы)

ІV орын (1 500 000) – Нұртілеу Сейітқасым (Қарағанды облысы)

V орын (1000 000) – Диас Айтмахан (Жамбыл облысы)

Пікірлер Кіру