Елордалық әйел жамағатына арналған Мәуліт кеші өткізілді (ФОТО+ВИДЕО)

27 қараша 2018 8336 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің «Әйелдер-қыздар» секторы мен «Нұр Астана» мешітінің жанындағы «Жібек» қыз-келіншектер клубының ұйытқы болуымен «Адамзаттың асылы Пайғамбарым Мұхаммед (ﷺ)» атты мәуліт кеші өткізілді.

Арнайы іс-шараға «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы Әділхан Серікбай, ұстаз Ілияс Отаров, «Сәдуқас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Жұманазар Садырханов, ҚМДБ-ның Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Ақбөпе Қанатқызы қатарлы діндар қауым өкілдері, Астана қаласы Дін проблемаларын зерттеу орталығы Оңалту бөлімінің басшысы, психолог Лимана Қойшиева, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Философия кафедрасының меңгерушісі Толғанай Мустафина, танымал әнші Алтынай Жорабаева, айтыс ақыны Сара Тоқтамысова сынды өнер адамдары, «Жан жылуы» бағдарламасының журналисті Ақбаян Сапарбаева, «Орда» ҒМ радиосының журналисті Майра Төлепберген және БАҚ өкілдері қатысты.

Наиб имам Әділхан Серікбай, Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Ақбөпе Қанатқызы, психолог маман Лимана Қойшиева құттықтау сөз сөйлеп, аталған шараның мән-маңызына тоқталып, жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады.

Мерекелік бағдарлама аясында елімізге танымал қари, «Сәдуқас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Жұманазар Садырханов Мәуліт оқыды, жиналған жұртшылық екі дүние сардары Пайғамбарымызға (ﷺ) салауат сәлемдер жолдады. Әжелер тобы «Салауат» орындады. Өнер академиясының студенттері мен «Жібек» қыз-келіншектер клубының мүшелері арнайы дайындаған «Сабырлық имандылықтың шыңы» атты қойылымы шараға қатысушы әжелердің көңілдерінен шығып, көздеріне жас ұялатты.  

Осылайша, Арқа төсіндегі айшықты қалада есте қаларлықтай Мәуліт мерекесі өтті.

 

Дереккөз: ummet.kz

Пікірлер Кіру