Елордадағы «Шейх Кунта қажы» мешітіне бас имам тағайындалды (ФОТО)

13 қараша 2020 5108 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен кеше ел астанасындағы «Шейх Кунта қажы» мешітіне жаңа бас имам тағайындалды. Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған топ мешіт жамағатымен жүздесіп, Сматаев Ибрагим Келдібайұлын таныстырып қайтты. Жаңа тағайындалған бас имам қызметіне сәттілік тілеп, дін жолында жемісті еңбек атқаруға шақырды.

Сондай-ақ, «Шейх Кунта қажы» мешітінің бас имамы қызметін атқарып келген Ережепов Сәбитке өкілдік атынан арнайы алғыс білдірді. Қызмет атқарған екі жылдан астам уақыт ішінде елеулі еңбектерін атап өтіп, алдағы жұмысында да сауапты істерге ұйытқы болуына тілеулестік білдірді.

Айта кетейік, «Шейх Кунта қажы» мешітінің бас имамдығына тағайындалған Ибрагим Келдібайұлының есімі елордалық жамағатқа кеңінен танымал. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында басталған еңбек жолы Ақмола облысының бірнеше ауылдарында, Елорда мешіттерінде («Төлебай мешіті», «Нұр Астана» мешіті) жалғасқан Ибрагим Келдібайұлы бұған республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде наиб имам қызметін атқарып келген болатын.

 

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру