ЕЛОРДАДА ҚҰРАН КӘРІМДІ ЖАТҚА ЖӘНЕ МӘНЕРЛЕП ОҚУДАН XIІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУҒА ІРІКТЕУ САЙЫСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ (ФОТО)

13 тамыз 2024 612 0
Оқу режимі

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан XIІІ республикалық байқауға іріктеу сайысы мәресіне жетті.

 «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде Астана қаласы өкілдігі бойынша өткен іріктеу сайысына барлығы 28 үміткер қатысты. Байқау Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу бойынша ұйымдастырылды.

Алқалы байқауға Астана қаласы өкілдігі «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Омар қари Сайфудинұлы, Республикалық бас мешіт азаншысы Ерболат қари Ергешұлы және Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы Ислам институты «Құран ижаза» бөлімінің меңгерушісі Теміржан қари Өтежанұлы сынды білікті дін қызметкерлері қазылық етті.

 

Жарыс нәтижесі төменде көрсетілген:

 

Құран Кәрімнің 30 парасын жатқа оқу бойынша:

 

І орын – Уәлихан Мансұрхан

ІІ орын – Абдыкадиров Гиёсжон

 

Құран Кәрімнің 20 парасын жатқа оқу бойынша:

 

І орын – Нұрмахамбет Сұлтан

ІІ орын – Салахаддинов Суннатуллаһ

ІІІ орын – Жанғазиев Заманбек

 

Құран Кәрімнің 10 парасын жатқа оқу бойынша:

 

І орын – Әбішев Дінмұхамед

ІІ орын – Танат Мейрамбек

ІІІ орын – Шыңғысұлы Абай

ІІІ орын – Нұрланұлы Мұртаза

 

Құран Кәрімді мәнерлеп оқу бойынша:

 

І орын – Еркінбек Мұсабек

ІІ орын – Сәрсенғалиев Қайрат

ІІІ орын – Мирзаев Равшанбек

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Ұмра қажылығына жолдама және қаржылай сыйлықтар табысталды. Айта кетейік, әр аталым бойынша І орын иегерлері ХІІІ Республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан додаға жолдама алды.

Пікірлер Кіру