Елордада қасапшыларға арналған семинар өтті (ФОТО)

06 шілде 2022 3382 0
Оқу режимі

Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» атты семинар-тренинг болып өтті.  Семинарға бас шаһардағы құрбан шалатын орындарда қызмет атқаруға тиісті азаматтар қатысып, тәжірибе жинақтады.

Алқалы жиынға ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Қанат Қыдырмин, ҚМДБ «Халал Даму» және ветеринарлық санитария ісінің маманы Данияр Сафиев, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілі Мерей Жақия сынды жауапты мамандар шақырылып, семинарға қатысушы қасапшы азаматтарға шариғат талаптарына сәйкес мал союдың жөн-жосығы түсіндірілді.

Дәріс барысында қасапшылық қылатын азаматтарға Қанат Қыдырмин арнайы дәріс жүргізіп, құрбан шалудың шариғи үкімдері мен талап-шарттарын кеңінен түсіндірсе, Данияр Сафиев халал стандартқа сай мал бауыздап, ет өңдеу жөнінде дәріс оқыды. Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына мамандар тарапынан нақты жауаптар берілді.

060722 Qasapshylar 1

060722 Qasapshylar 3

060722 Qasapshylar 4

060722 Qasapshylar 5

060722 Qasapshylar 6

060722 Qasapshylar 7

060722 Qasapshylar 8

060722 Qasapshylar 9

060722 Qasapshylar 10

Дереккөз: Нұр-Сұлтан өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру