ЕЛОРДАДА ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ РУХАНИ-МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ (ФОТО)

16 қыркүйек 2023 2458 0
Оқу режимі

Кеше, қасиетті жұма кешінде ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы – ізгі қоғам тірегі» атты жас отбасыларға арналған рухани-мерекелік шара өтті. Отбасы күніне орай ұйымдастырылған шараға жақында ғана некесін қиып, жаңа өмірге қадам басқан жас отбасылар шақырылып, жанұя жарасымы жайында пайдалы насихат айтылды.

Семинар аясында Астана қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Иманәліұлы, ҚМДБ Қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Нұрбек қажы Әуесханұлы, Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы ізгі лебіздерін білдіріп, бақытты отбасы құрудың басты қағидалары жайлы білгендерімен бөлісті.

Семинар соңы мерекелік шараға ұласып, қазақ шаңырағындағы қуаныштардың бірі – сәбиге азан шақыру мен тұсаукесер дәстүрлері жаңғырды. Дін мен дәстүр сабақтастығы ұлықталған кеште балақайдың тұсауын кескен «Кунта қажы» мешітінің бас имамы Өмірзақ Қазкенұлына да ата-анасы құрметпен шапан жауып, ақсақалдың ақ батасын алды.

Шара соңында қатысушылар арасында викториналық сұрақтар қойылып, жауабын дұрыс тапқан 10 отбасыға сыйлықтар таратылды.

Суреттер топтамасын «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру