Елордада Ғұламалар кеңесінің кезекті мəжілісі басталды (ФОТО+ВИДЕО)

11 маусым 2019 6969 0
Оқу режимі

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен Ғұламалар кеңесінің кезекті мəжілісі басталды.

Осымен 22-ші рет өтіп жатқан келелі кездесуге ҚР Ақпарат жəне қоғамдық даму вице-министрі Марат Əзілханов, ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфтилер - Бауыржан қажы Əбдірашұлы, Алау қажы Əділбай, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жəдігерұлы, сонымен қатар елімізге белгілі теолог-ғалымдар қатысуда.

Мәжілістің күн тəртібінде діни оқу орындарын тəмамдаған шəкірттерді қызметке бөлу туралы Ереже, қоғамдағы кейбір деструктивті ағымдардың идеологиясы, доңыз майы қосылған дəрі-дəрмектерді қолданудың шариғи үкімі, т.б. тақырыптар төңірегіндегі мəселелер талқылануда.

Басқосуда Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы шəкірттерді қызметке бөлудің маңыздылығын атап өтсе, вице-министр Марат Əзілханов Ғұламалар кеңесінің əлеуеті жайлы пікірімен бөлісті.


Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру