Елорда өкілдігі Балалар үйіндегі бүлдіршіндерге сый жасады (ФОТО)

06 қаңтар 2021 4674 0
Оқу режимі

Есіктен енді аттаған жаңа жылдың алғашқы аптасын ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігі қайырымдылық шарасымен бастады. «Нұр Астана» мешітінің ұйытқы болуымен бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығына» арнайы зиярат жасалып, «Аялы алақан» акциясы аясында қамкөңіл бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап қайтты.

Сауапты шараға Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов, «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазанов, Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұқанов және бөлім басшысы Ернат Сәметұлы арнайы қатысып, бүлдіршіндерге арналған ойыншықтар мен жазу-сызу құралдары, түрлі тәттілер салынған сыйлық сөмкелерін өз қолдарымен табыстап қайтты.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру