ЕЛОРДА ИМАМДАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

10 қазан 2024 445 0
Оқу режимі

Астана қаласы Дін істері басқармасының қолдауымен Діндерді зерттеу орталығы елорда имамдарының біліктілігін арттыру бойынша семинар ұйымдастырды.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Дін саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыру жөніндегі кешенді жоспарды орындау шеңберінде өткізілді. Мақсаты – имамдардың біліктілігін арттыру және білім деңгейін көтеру.

Жиында Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Қ.Д. Көшқали, Астана қаласының бас имамы Е.Н. Жүсіпов, «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, PhD А.Ш. Жамашев, психолог, PhD Ә.А. Төлегенова, теолог Д.Д. Сақан баяндама жасап, модератор ретінде дін мәселелері бойынша сарапшы А. Нұрахметұлы сөз сөйледі.

Шарада қоғамдық келісім мен тұрақты дамудың басты қағидасы ретінде зайырлылыққа, дін қызметкерлерінің халықпен қарым-қатынасына, оңалту саласындағы өзекті мәселелерге, психологиялық әдіс-тәсілдерге, әлеуметтік желілердегі белсенділігі мен өзін-өзі ұстау мәдениетіне және т.б. ерекше назар аударылды.

Айта кету керек, бұл семинар Астанада әкімдігі тарапынан жыл сайын ұйымдастырылып келеді.

Пікірлер Кіру