ЕЛОРДА ИМАМДАРЫНА КОЛЛАГЕНДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ҮКІМІ ТҮСІНДІРІЛДІ (ФОТО)

20 желтоқсан 2025 243 0
Оқу режимі

Астана қаласы өкілдігінің дін қызметкерлерімен әдеттегі үрдіс бойынша ҚМДБ Ғұламалар кеңесінде қабылданған пәтуалар таныстырылды.

Қала Бас имамы Ерболат Жүсіповтің қатысуымен өткен алқалы жиында «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Шариғат және пәтуа бөлімінің Астана қаласы өкілдігі бойынша жауапты маманы Тамирлан Дарханұлы коллагенді қолданудың үкімін таныстырды.

Коллаген (грек. kolla – желім және gen) – дәнекер ұлпаларын біріктіретін ақуыздың бір түрі.

Қазіргі таңда коллаген косметикалық өнімдер құрамына, тағам қоспаларына т.б. қолданылады. Коллаген жануарлардың сүйектерінен, терілерінен, сіңірлерінен, балықтың қабыршағынан, құстың шеміршектері мен сүйектерінен т.б. алынады.

Шешім: Еті желінетін, шариғатқа сай бауыздалған мал және балықтан алынған коллагенді қолдануға – рұқсат. Шошқадан алынған коллаген – харам. Еті желінбейтін жануардан немесе шариғатқа сай бауыздалмаған еті желінетін малдан алынған коллагенді қолдануға болмайды. Тек химиялық құрылымы өзгеріп, басқа нәрсеге айналса немесе болмысы толықтай жойылса ғана рұқсат.

Пікірлер Кіру