Елорда имамдары қолға су құю дәстүрін таныстырды

15 мамыр 2026 30 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Әл-Ғани» мешітінде қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттауға арналған тағылымды іс-шара өтті. Жиын барысында дастарқан әдебіндегі қолға су құю дәстүрінің мәні түсіндірілді.

Іс-шараға ҚМДБ Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуесханұлы, Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов және елорда имамдары қатысты.

Кездесу барысында қазақ халқының қонақ күту әдебі, дастарқан мәдениеті және ас алдында, ас соңында қолға су құю дәстүрінің тәрбиелік маңызы айтылды. Сонымен қатар бұл дәстүрдің тазалыққа, үлкенге құрмет пен қызмет көрсету әдебіне негізделгені түсіндірілді.

Қолға су құю дәстүрінің мән-мағынасына «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы Қондыбай Әкбаров тоқталып, оның қазақы тәрбие мен ізеттіліктің көрінісі екенін атап өтті.

Іс-шара барысында ұлттық дәстүрді дәріптеу, жастарға ата салтын таныту және дін мен дәстүр сабақтастығын сақтау жайы сөз болды.

Жиын соңында қатысушылар ұлттық құндылықтарға арналған мазмұнды кездесуден әсер алды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру