ЕЛОРДА ИМАМДАРЫ КӨКШЕТАУ ӨҢІРІНІҢ ТАРИХИ ЖЕРЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

27 қыркүйек 2023 2421 0
Оқу режимі

Өткен аптаның демалыс күндерін ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің дін қызметкерлері тағы бір сауапты саяхатқа арнап, Көкшетау өңірінің тарихи жерлерімен танысып қайтты. «Дархан дала» жобасы аясындағы сапар барысында Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы бастаған топ Ақмола облысының діни ахуалымен танысып, бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес тәжірибе алмасты.

Қонақтарды күтіп алған облыс бас имамы Қуаныш Жұмабайұлы Бурабай, Ботай тұрағы, Кенесары үңгірін тамашалатып, тарихымен таныстырды. Көкшенің көрікті жерлерін көрсетіп, әр тасы тарихқа тұнған мекеннің сырларына қанықтырды.

Сапар соңында елордалық дін қызметкерлері Бурабай аудандық мешітінде жамағатпен жүздесіп, бірге құлшылық жасады. Сондай-ақ, қонақжай пейіл танытып, Көкше өңірінің тарихи, көрікті жерлерімен ғана таныстырып қоймай, қос өкілдік арасында әріптестік байланыс орнатып, қолдау білдіргені үшін Ақмола облысы өкілдігіне алғыстарын білдіріп, арнайы естелік сыйлық тарту етті.

Суреттер топтамасын «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

 

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру