ЕЛОРДА БАС ИМАМЫ «ӘС-СӘЛАМ» МЕШІТІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)
07 сәуір 2023
2614
0
Оқу режимі
ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы қасиетті Рамазан айында Елорда мешіттерінің жай-күйімен жекелей танысып, жалпы бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізіп келе жатыр. Осы жоспар аясында кеше қала бас имамы Теміржолшылар тұрғын алабындағы «Әс-Сәлам» мешітін аралады.
Айта кетейік, «Әс-Сәлам» мешіті 2010 жылдан Теміржолшылар тұрғын алабының жамағатын имандылыққа ұйытып, азанымен әлдилеп келеді. Жалпы құлшылық ордасы сыйымдылығы 500 ер және 50 әйел адамға арналған. Мешіт төменгі қабатында асханасы орналасқан.
Қасиетті Рамазан айында «Әс-Сәлам» мешітінде күнделікті 40 адамға ауызашар беріліп келеді.
Дереккөз: Muslim.kz
Пікірлер
Кіру