Елорда бас имамы «Әл-Фараби» жамағатымен жүздесті (фото)
ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің бас имамы Ерболат Жүсіпов «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітіне арнайы келіп, жамағатпен жүздесті.
Бесін намазына жиылған жамағатпен жүздескен Бас имам қасиетті Рамазан айындағы құлшылық деңгейінің сақталу жолдары жөнінде тұшымды насихат айтты.
Насихат барысында Ерболат Нұрылдаұлы «рамазаншы» ғана болмай, осы айда қол жеткізген қайрат пен жігерімізді қалған өмірімізді де Раббымызға құлшылықта өткізу үшін пайдалануымыз керектігін, Рамазаннан кейінгі айларда да иманымызды күшейту – әрбір мұсылманның мұраты екендігін тілге тиек етті.
Рамазан – Раббымыз бен біздің арамыздағы риясыз құлшылық екенін айтқан Бас имам қай уақытта, қай жерде болмасын жүрегіміздің әрдайым дұғада болуын айтып, рамазаннан келесі рамазанға аман-есен жетуімізді тілеп, дұға жасады.
Дереккөз: ummet.kz