«Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 123-ші баспана берілді (ФОТО)
02 қыркүйек 2019
4552
0
Оқу режимі
ҚМДБ «Зекет қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 123-ші баспана берілді. Бұл баспана Талдықорған өңіріне қарасты Көксу ауданы, Жарлыөзек ауылың тұрғыны, алты ай бұрын отағасынан айрылған үш баланың анасы Ақбергенова Зәуреш Төлеутайқызына табысталды.
Көпшілік ықыласына бөленген осынау игі жобаға жамағаттың, ауыл адамдарының атсалысуына ұйытқы болған Көксу ауданының бас имамы Еділбек қажының, ауыл имамы Едіге және аудандық зекет өкілі Бақыт бауырымыздың еңбегін ерекше атап өткен жөн.
Игі шараға сол ауылдан шыққан аудандық депутат ағамыз, ауыл әкімі де куә болып, баспаналы болған отбасыға әкімшілік газ тарту етіп, мешіт шаңсорғыш сыйлады. Жиын соңы ақсақалдардың бата беруімен тарқасты.
Дереккөз: muftyat.kz
Пікірлер
Кіру