«ЕЛ ҮЛЕСІ – ПӘТЕРГЕ»: 626-БАСПАНА ТАБЫСТАЛДЫ (ФОТО)

07 ақпан 2023 2609 0
Оқу режимі

Ақмола облысында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 626-үйдің кілті баспанаға аса мұқтаж отбасыға табысталды.

Игі іс-шараға Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев, сондай-ақ  Республикалық бас мешіттің имамы Қанат Қыдырмин мен Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Жұмабайұлы арнайы қатысты.

Еске сала кетейік, 22 қаңтарда Ақмола облысы  Целиноград ауданының Қабанбай батыр ауылдық-округіне қарасты Сарыкөл ауылында тұратын  Ержан Рымбекұлының үйі өртеніп, толық жанып кеткен болатын. Қапияда баспанасыз қалған отбасыға «Зекет және қайырымдылық» қоры дін қызметкерлерінің және жомарт жандардың ұйытқы болуымен пәтер сыйлап отыр. Қамыққан отбасыны қуантқан игі шарада үлкендер бата беріп, шашу шашты. Дін қызметкерлері Ержан Рымбекұлының жаңа баспанасына береке тілеп, жүрекжарды лебізін білдірді.

Астанадағы Республикалық бас мешітте сантехник қызметін атқарып жүрген Ержан Рымбекұлының жұбайы екінші топтағы мүгедек, ал үлкен қызы балалардың церебралды сал (ДЦП) ауруына шалдыққан.

 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру