«Ел үлесі – пәтерге»: 3 отбасы баспаналы болды (ФОТО)

20 қазан 2020 3361 0
Оқу режимі

ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорының Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ел үлесі – пәтерге» акциясы аясында 3 қармақшылық отбасы баспаналы болды.
 
Салтанатты шараға арнайы қатысқан Сыр өңірнің бас имамы Болатбек Ұласқанұлы тұрмысы төмен отбасыларға №290, 291, 292 үйлердің кілтін табыстаған соң, жаңа қоныстарымен құттықтап кілем сыйлады.
 
Мұқтаждың мұңын ойлап, мейірімділікке үндейтін берекелі жобаның жүзеге асырылуына Қармақшы ауданының 1972 жылы туған азаматтары, «Жосалының 100 жомарт жігіті» акциясының қатысушылары және жергілікті кәсіпкерлер атсалысты.

Мәуліт айында өткен мерейлі шарада үйлі болған үш отбасы да игі жобаның басы-қасында жүрген барша демеуші азаматтарға және мешіт имамдары мен жамағаттарына шексіз ризашылықтарын жеткізді.
 

Айта кетейік, «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында республика бойынша 292 үй берілсе, оның 30-ы қызылордалық отбасыларға тарту етілді.


 

Пікірлер Кіру