ДІНИ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ АЯГӨЗДЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ

16 тамыз 2024 602 0
Оқу режимі

Бүгін қасиетті жұмада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Аягөз қалалық мешітінде жұма намазына қатысып, жиылған жамағатқа насихат айтты.

Сондай-ақ ауданда салынып жатқан рухани орталық яғни мешіт жанындағы діни сауат ашу орталығының жұмысымен танысты. Аудан имамы Алмас Айткәрімұлы сауат ашу орталығынан бөлек Бас мүфти бұрышын таныстырып, қонақтар тарихи фото-көрмені тамашалады.

Айта кетейік жұма намазынан жамағатпен бірге елдің бірлігі, амандығы үшін дұға жасалды.

 

 

 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру