ДІНИ БАСҚАРМА ӨКІЛДЕРІ – «ДИЯНЕТ» ҚОРЫНДА

03 қаңтар 2024 1518 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркия Республикасындағы өкілдігінің ұйытқы болуымен «Диянет» қорында кездесу өтті.

Атап айтқанда, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы, «MUFTIYAT» баспасының директоры Мұрат Манапұлы мен «Уақып» қорының басқарма төрағасы Ардақ Нүсіпханұлы, сондай-ақ «Талаба» қауымдастығының жетекшісі Жандос Айтбай Түркия дін істері басқармасына қарасты «Диянет» қоры директорының орынбасары Абдуррахман Четинмен кездесті. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен екі күндік семинарға қатысқан Діни басқарма өкілдері «Диянет» қорының баспа үйін аралап көрді. Зекет, уақып және баспаға байланысты мәселелер талқыланып, тәжірибе алмасу жөнінде сөз болды.

Айта кетейік, жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркия Республикасындағы өкілдігі, «Талаба» қауымдастығы мен «Халықаралық зағиптарға арналған Құран кызметі қауымдастығы» бірлесіп Ыстамбұл қаласында «Көру қабілеті шектеулі жандарға арналған діни қызметтерді дамытуда қоғамдық ұйымдардың ынтымақтастығы мен рөлі» тақырыбында екі күндік семинар өткізген болатын.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі 

Пікірлер Кіру