ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕССИЯҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

08 қазан 2024 607 0
Оқу режимі

ҚМДБ Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Марат Жаппасбаев пен Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Жұмағұл Иордания Хашимит Корольдігінде өткен «Амман жолдауларының» мазмұнын түсіндіру жөніндегі 45-халықаралық сессиясына қатысты.

Король Абдалла ІІ атындағы Уағызшыларды даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында өткен сессияны осы елдің Уақыптар және ислам істері министлігі ұйымдастырды. Халықаралық сессияға 27 мұсылман мемлекетінен делегаттар шақырылса, ашылуына Иордания мүфтиі қатысып,  келушілерге ілтипатын білдірді.

Бір аптаға созылған іс-шараның аяқталу рәсімінде Иордания Корольдігінің Уақып және ислам істері министрі Мухаммад Ахмад Мусаллам әл-Халайлә сессияға қатысқан дін қызметкерлеріне арнайы сертификат табыстап, баршасына алғыс білдірді.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру