«ДІН МЕН ДӘСТҮР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЫР МҮШӘЙРАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
30 наурыз 2023
2878
0
Оқу режимі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы асыл дініміз бен ұлттық салт-санамызды ұштастырған көркем шығармалардың озық үлгілерін дәріптеу мақсатында «ДІН МЕН ДӘСТҮР» республикалық жыр мүшәйрасын жариялайды.
Мүшәйраның мақсаты:
- Сан ғасырлық тарихымыздағы дәстүрлі діннің орнын айшықтау;
- Ислам құндылықтарын, асыл дініміз бен ата салтымызды халыққа насихаттау;
- ҚМДБ-ның биылғы бес жұмыс бағытының бірі «Дін мен дәстүр» бағытын жандандыру;
- Ақындардың шабытын шыңдап, шығармашылық ізденісіне жол ашып, жаңа жырлардың жазылуына қолдау білдіру;
Мүшәйра шарттары:
- Мүшәйраға 2 өлең ұсынылады. Өлеңдер төмендегі тақырыптар аясында жазылуы керек:
- «Дін мен дәстүр» (асыл дініміз бен ұлттық салт-санамыздың ұштасқанын жыр жолдарымен жеткізу т.б);
- «Соңғы пайғамбар» (Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жыр арнау);
- «Бес парыз – дініміздің діңгегі» (Ислам діні мұсылмандарға міндеттеген амалдар (иман, намаз, ораза, қажылық, зекет) жайлы өлеңдер);
- «Тарих пен тұлға» (қазақ топырағынан шыққан дін ғалымдары (Ясауи, Сығанақи т.б) мен ұлт қайраткерлеріне (Бейбарыс сұлтан, Абай хәкім т.б) арнау шығару);
- Еркін тақырыпта жазылған өлеңдер.
Мүшәйраның талаптары:
- Өлеңдер «Дін мен дәстүр» жыр мүшәйрасына деген белгімен қабылданады;
- Мүшәйраға қатысушылар ішіне өздері жайлы мәлімет (аты-жөні, телефон нөмірі, мекен-жайы) қосып, өлеңдерін iman@muftyat.kz электронды поштасына жолдауы қажет.
- Мүшәйраға қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды, өлеңдер қазақ тілінде қабылданады.
- Мүшәйраға бұрын еш жерде жарияланбаған өлеңдер қабылданады;
- Өлеңдер Microsoft Word форматы түрінде (14 шрифт, 1,0 интервал, Times New Roman қарпі) жіберіледі.
- Өлеңдерді қабылдау 2023 жылдың 1 сәуірінде басталып 2023 жылдың 10 тамызында аяқталады.
Мүшәйра барысы:
- Мүшәйра жеңімпаздарын елге белгілі ақындар мен дін мамандарынан құралған қазылар алқасы анықтайды.
- Жеңімпаздар Мәуліт кешінде(нақты уақыты қосымша хабарланады) марапатталады.
- Жеңімпаз авторлардың шығармалары республикалық «Мұнара» газеті мен muftyat.kz сайтында жарияланады.
Жүлде қоры:
Бірінші орын – Ұмра қажылығына жолдама
Екінші орын – 200 мың теңге (екеу)
Үшінші орын – 150 мың теңге (екеу)
Бұдан бөлек 5 адамға ынталандыру сыйлығы (70 мың теңгеден) беріледі.
Ұйымдастырушы: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
Ақпараттық қолдаушы: «Мұнара» газеті мен «Иман» журналы
Қосымша ақпарат үшін: +7(777) 203-96-65 (whatsapp)
Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру