Биылғы қажылық кезінде 8 нәресте дүниеге келген
18 қыркүйек 2019
6413
0
Оқу режимі
Осы жылғы қажылық маусымы барысында 8 сәби дүние есігін ашқан. Олардың бесеуі Мекке шаһарындағы перзентханада, екеуі Арафат маңында, тағы бірі Мина жазығында туылды.
Солардың бірі Гвинеядан келген Маймуна Али күйеуімен бірге Жабалур-Рахма тауына көтеріліп келе жатқанында толғақ қысып, сол жерде босануға тура келген. Олар перзентіне Муҳаммед Салман деп ат қойыпты.
Arab News-тің мәліметіне орай осы жылы 2,5 млн. ға жақын мұсылман қажылық парызын орындаған. Ал, аталмыш 8 нәрестенің өмірге келуі рекордтық көрсеткішке жетіп отыр.
Дереккөз: Muslim.kz
Пікірлер
Кіру