Бірінші наиб мүфти Құран тәпсірі бойынша дәріс бастады (ФОТО)

05 шілде 2019 6756 0
Оқу режимі

ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кеше «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағатымен кездесу өткізіп, Құран тәпсірі бойынша алғашқы дәріс өткізді. «Сафуатут тәфасир» кітабы негізінде жоспарлы түрде өтіп тұратын тәпсір дәрістерінің алғашқы сабағы «Құранның анасы» аталатын Фатиха сүресінен басталды.

Сүренің атауларынан бастап, әрбір сөзіне тереңдей талдау жасаған наиб мүфти уағызын жамағат сілтідей тынып отырып тыңдады. Күнделікті оқылып жүрген сүре астарында қаншалықты құпия жасырынып, қандай сауаптар барын білген сайын ынта-ықыластары да арта түскендей. Тың деректерге қанығып, білімдерін толықтыра түскен мешіт жамағаты тәпсір дәрісінің тұрақты түрде өтіп тұратынын естігенде тіптен қуана түсті.

Дәрістің бейне нұсқасын сайтымыздың «Видео» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру