«БІЛІМСІЗ ДІНИ ҮКІМ АЙТУДЫҢ ЗАРДАБЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ
16 қыркүйек 2026
81
0
Оқу режимі
Астана қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде құптан намазының алдында «Елорда мешіттерінде діни оңалту бағытындағы уағыздар» жобасы аясында кезекті уағыз өтті.
Кездесуде «Нұрсұлтан» мешітінің наиб имамы, ұстаз Әділхан Оразов «Білімсіз діни үкім айтудың зардабы» тақырыбында насихат айтты.
Уағыз барысында діни мәселелерге қатысты үкім айтуда білім мен жауапкершіліктің маңызы сөз болып, дін мәселесінде білікті мамандардың пікіріне жүгінудің қажеттігі түсіндірілді.




Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру