«Қайырымды жұма» акциясы жалғасын тапты (ФОТО)

05 наурыз 2021 4633 0
Оқу режимі

Бүгін, қасиетті жұма күні республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде көпбалалы және жалғызбасты аналарға азық-түлік сөмкелері таратылды. Аталмыш қайырымдылық шарасы 8-наурыз халықаралық әйел-қыздар мерекесіне орай ұйымдастырылып отыр.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Жұманазар Садырханұлы мен іс басқарушы Мейрамбек Рсымов Алматы ауданында тұратын көпбалалы және жалғызбасты аналарға (50-ге жуық отбасы) азық-түлік сөмкелерін таратып берді. Келуші жамағат арасынан жасы үлкендер ақ батасын беріп, алғыстарын жеткізді.

Елордамыздағы бас мешіт қашанда мұқтаждарға қол ұшын беріп, қайрымдылық жасап келеді. Айта кетсек, осы аптаның басында «Жылы жүректен» қайырымдылық акциясы аясында 30 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылған болатын.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру