БЕРДІБЕК СОҚПАҚБАЕВТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҚҰРАН ХАТЫМЫ БАҒЫШТАЛДЫ (ФОТО)

28 ақпан 2024 1486 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Ырыскелді қажы» мешітінде қазақ әдебиетіне өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат алып келген көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай шәкірттермен жиын өтті.    

Балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазанда Алматы облысының Нарынқол ауылында туған. Шығармашылық жолын өлеңмен бастап, 1950 жылы «Бұлақ» атты жыр жинағын шығарған. Кейін балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, повесть, роман кітаптарын ұсынды. «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Бозтөбеде бір қыз бар», «Өлгендер қайтып келмейді» және «Қайдасың, Гауһар» секілді туындылары КСРО халықтарының және шетелдердің көптеген тілдеріне аударылып, сахналық, экрандық нұсқаға айналған. 1967 жылы балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Канн қаласында (Франция) өткен халықаралық фестивалінде «Менің атым Қожа» фильмі (Б.Соқпақбаевтың сценарийі) арнаулы жүлдеге ие болды.

Жазушының өмір жолын қысқаша таныстырып өткен мешіттің дін қызметкерлері, жан-жағына пайдалы мұсылман бола білудің маңызын түсіндірді. Артынша атамыздың рухына арнайы Құран хатымының дұғасы бағышталды.

Возможно, это изображение 13 человек, люди учатся и текст «бердбек сокпакпаев 100 жыð»

Возможно, это изображение 11 человек, люди учатся и текст

Пікірлер Кіру