БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР ТАБИҒАТ АЯСЫНДА БАС ҚОСТЫ (ФОТО)

30 тамыз 2024 531 0
Оқу режимі

Астана қаласының Жастар ісі секторына қарасты «Aqmeshit» мешітінің белсенді жастары атсалысып, «Дін мен дәстүр» бағыты аясында табиғат аясында басқосу өткізді. 

Басқосуға «Aqmeshit» мешітінің бас имамы Муслимов Дәурен, мешіттің наиб имамдары Хайридинов Оңғар, Абильдинов Рахимжан және Астана қаласы Жастар ісі секторының жауапты өкілі Жолдас Рахымжан қатысты.

Жиын барысында киіз үйде ақ дастархан жайылып, атпен серуендеу ұйымдасытырылды. 

«Aqmeshit» мешітіндегі Жастар ісіне жауапты Әлімов Жақып көркем уағыз-насихат жасап, өзара ізгі сұхбаттар құрылды.

Пікірлер Кіру