БЕЛГІЛІ ТЕОЛОГ АСТАНА ИМАМДАРЫМЕН ТӘЖІРИБЕСІН БӨЛІСТІ (ФОТО)

19 желтоқсан 2024 735 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Рахымқызы Раиса ана» мешітінде жат ағымға жауапты дін қызметкерлерінің басын қосқан арнайы жиын болып өтті. 

Шараға ҚМДБ Діни оңалту бөлім басшысының міндетін атқарушы Данияр Кенжалин, «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығының теологы Омаров Тұрған Гелманұлы және «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Рақымқазы Қабдысалым бастаған жат ағымға жауапты өкілдіктің дін қызметкерлері қатысты.

Жиында жазасын өтеп жатқан сотталушы азаматтармен жұмыс істеу тәсілі сөз болып, практикалық әдістемелер ортаға қойылды. Тұрған Гелманұлы да өзінің көп жылдық тәжірибелерімен бөлісіп, ақыл-кеңесін айтты.

Пікірлер Кіру