Белгілі психолог «Әзірет Сұлтан» мешітінде семинар өткізді (ФОТО)

28 қазан 2019 5891 0
Оқу режимі

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен әр апта сайын Бас мешіттің әйел жамағатына түрлі семинар сабақтары, рухани кездесулер көптеп өтіп келеді. Бұған дейін қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы, белгілі киім дизайнері Дана Нәби, айтыскер ақын Сара Тоқтамысова, тағы басқа танымал жандармен жүздесу өткізген «Инабат» клубының кездесу алаңына бүгін кәсіби психолог Марзия Бекайдар шақырылды.

Кездесу барысында «Адами қарым-қатынас психологиясы» тақырыбы аясында сөз өрбіткен психолог ханым жиналған жамағатқа қоғам мүшелері арасындағы қарым-қатынас, жанұя арасындағы қарым-қатынас түрлерін ғылыми тілде түсіндіре келе, түрлі кикілжіңдер мен дау-дамайды болдырмау және шешу тетіктерімен таныстырды.

Кездесу соңында «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағат әжелері ақ баталарын жаудырып, қызық жайттар мен құнды кеңестермен байытқан Марзия Бекйадарқызына өз ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ, «Инабат» клубының атынан құрметті қонаққа қасиетті Құран кітабы тарту етіліп, арнайы «Алғыс хат» табысталды.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар! 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру