БАС МҮФТИ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ИМАМДАРЫНА НАСИХАТ АЙТТЫ (ФОТО)
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына қарасты қала, аудан бас имамдарына семинар аясында насихат айтты.
Ең алдымен Бас мүфти «Ислам және дәстүр құндылығы» жылының маңызы, биыл атқарылатын айтулы іс-шаралар легіне тоқталып өтті.
«Биыл білесіздер, «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жарияладық. Бұл ретте атқарылатын маңызды жұмыстарды айқындап алдық. Жыл бойына асыл дінімізді насихаттайтын 50-ден аса айтулы іс-шаралар, жалпы алғанда 600-дей іс-шара биыл атқарылуы тиіс. Алла баршаңызға жар болсын! Бүгін жылдың басын маңызды конференциямен Түркістан жерінен бастап отырмыз. Мұның да артында тарихи сабақтастық жатыр. Сол атқарылар жұмыстарға қосар әрқайсыңыздың қосар үлестеріңіз бар. Алла сауаптан жазсын.
Әрине имамдық қызмет жауапты қызмет. Соны сезіне білейік. Ықыласпен атқарып, жамағатпен бірлікте жұмыс істейік. Өздеріңізге берілген аманатты абыроймен атқару нәсіп болсын» деді ҚМДБ Төрағасы.
Имамдардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған семинар барысында облыс бойынша үздік 8 дін қызметкеріне Бас мүфти атынан алғыс хат табысталды.
Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі