Бас мүфти төрағалығымен ҚМДБ Аппарат жиналысы өтті (ФОТО)

11 қаңтар 2019 6217 0
Оқу режимі

Бүгін Астанада Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аппарат жиналысы өтті.

Мəжіліске ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Бауыржан қажы Əбдірашұлы, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мəжиев, бөлім меңгерушілері қатысты.

Басқосуда уағыз-насихат жұмыстарын жандандыру, өзекті сұрақтар төңірегінде пəтуалар шығару, университет пен медреселерге шəкірт даярлау, жастар жылы аясында игі іс-шаралар ұйымдастыру, халал стандарттау саласын дамыту, мешіт құжаттарын дер кезінде тиісті мекемелерге тіркеу, т.б. мəселелер талқыланды. Сонымен қатар, 2019 жылдың жұмыс жоспары бекітілді.

"Осында отырған əрқайсымызды Діни басқарманың дамуына қалай үлес қоссам деген сауал толғандыруы тиіс. Діни салаға ыждаһаттылық пен ықылас қажет. Сонда ғана бұл сала өркендейді. Осынау жаңа ғимаратта жаңа бастамаларды белсенділікпен жүзеге асыруға шақырамын", - деп атап өтті Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Кездесу соңында Бас мүфти бөлім меңгерушілеріне нақты тапсырмалар берді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру