БАС МҮФТИ ТАРАУЫҚ НАМАЗЫНДА УАҒЫЗ АЙТТЫ (ФОТО)

13 наурыз 2024 1530 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айының екінші күні елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде уағыз айтты.

Тарауық намазына жиналған жамағатқа Бас мүфти аталмыш ғибадаттың артықшылығын, маңызын баяндады.

«Рамазан айында мұсылман адамның мән беруі қажетті болған маңызды ғибадаттардың бірі – тарауық намазын оқу. Тарауық намазын оқу – бекітілген сүннет. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Рамазан айында шынайы сеніммен әрі ықыласпен түнді намаз оқып өткізген адамның бұрынғы күнәлары кешіріледі», – деген. Яғни, Рамазан айында шынайы ықыласымен тарауық намазын оқушы адамның өткен күнәларын Алла Тағала кешіреді» деді ҚМДБ Төрағасы.

Бұдан кейін Бас мүфти жамағатпен бірге тарауық намазын оқып, ел игілігі мен амандығы үшін дұға жасады.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру