Бас мүфти Құран кәрім байқауының жеңімпаздарын марапаттады (ФОТО)

10 наурыз 2022 3726 0
Оқу режимі

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен қыздар арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан ІІ республикалық байқау мәресіне жетті.

Екі күнге созылған байқауға еліміздің әр аймағынан 47 қари қатысты.

«Аллаға сансыз шүкірлер болсын! Мінеки, жасынан Құран жаттаған қари қыздарымыздың байқауын қорытындылап, марапаттап отырмыз. Осы байқауды өткізуге атсалысқан арнайы жұмыс тобы мен қарилардың қарым-қабілетін бағалап, жарысқа төрелік еткен қазылар алқасына, сондай-ақ демеуші болған кәсіпкер Хамза Тілеулесұлына алғысымды білдіремін.

Елімізде жылдан-жылға қарилар қатарының көбейіп келе жатқанына куә болып келеміз. Осының бәрі әуелі Алла, одан кейін бабаларымыз аманаттап кеткен егемендігіміздің арқасы деп білеміз. Жаратқан Иеміз әр шаңырақтан қарилардың шығуын нәсіп етсін!» – деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы марапаттау сәтінде.

Қазылар алқасының шешімімен 4 аталым бойынша жеңіс тұғырынан көрінген қарилардың тізімі төмендегідей:

«5 пара» бойынша:
1-орын (300 000 теңге) – Дилдора Абдуллаева (ШҚО, Өскемен аймағы, 21 жаста)
2-орын (200 000 теңге) – Сымбат Ержігіт (БҚО, Орал, 21 жаста)
3-орын (100 000 теңге) – Арайлым Амангелді (Қостанай облысы, 17 жаста)

«10 пара» бойынша: 
1-орын (500 000 теңге) – Ханифа Абдилазиз (Түркістан облысы, 12 жаста)
2-орын (300 000 теңге) – Жәнел Сейітқасым (Алматы қаласы, 13 жаста)
3-орын (200 000 теңге) – Фатима Нұртуғанқызы (Алматы аймағы, 11 жаста)

«20 пара» бойынша:
1-орын (800 000 теңге) – Мадина Исраилова (Шымкент қаласы, 18 жаста)
2-орын (600 000 теңге) – Замира Байбакова (Түркістан облысы, 25 жаста)

«30 пара» бойынша:
1-орын (1 300 000 теңге) – Раййана Сулейманова (ШҚО, Семей аймағы, 17 жаста)
2-орын (1 000 000 теңге) – Әлима Құрманәлі (Түркістан облысы, 19 жаста)

Бас мүфти жеңімпаздарға және байқауға қазылық жасаған қари-ұстаздар Сәдуақас Олжабай (төраға), Серік Ахметов, Арайлым Қуатова, Зейнеп Әбдірасыл және Еңлік Қасымоваға алғыс хат табыстады.

 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру