БАС МҮФТИ ҚАДІР ТҮНІНДЕ ХАТЫМ ДҰҒАСЫН ЖАСАДЫ (ФОТО)

28 сәуір 2022 3785 0
Оқу режимі

Бүгін – Жаратушы Иеміздің өзі «мың айдан да қайырлы» деп ұлықтаған қасиетті Қадір түні. Теңдессіз түннің мейірімінен үміт еткен мұсылман үмметі бұл түнді мейлінше мешітте өткізіп, жамағатпен бірге намаз оқып, аз уақытты руханиятқа сусындап өткізуді көздейді. Бұл түні еліміздегі құлшылық ордалары жамағатқа лық толады.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бұл түнді Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағатымен бірге өткізіп, жиылған жұртшылықты қасиетті Қадір түнімен құттықтады. Құптан намазы алдында жамағатқа қасиетті Қадір түні жайлы уағыз айтып, бүгінгі түннің артықшылығын баяндады.   Құран хатым дұғасын жасап, еліміз  бен жеріміз үшін Жаратқаннан жарылқау тіледі.

Айта кетсек, бас мешіттегі Қадір түнгі құлшылық-ғибадатқа ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы мен қала әкімі Алтай Сейдірұлы қатысып, елорда жұртшылығына ізгі лебіздерін білдірді.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру