Бас мүфти өңірдегі Әйел-қыздар секторына жауапты мамандармен кездесті (ФОТО)

10 наурыз 2022 3029 0
Оқу режимі

Бүгін елордада ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Уағыз-насихат бөліміне қарасты аймақтағы Әйел-қыздар секторының жауапты мамандарымен кездесті.

Кездесуге Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Берденұлы және 19 өкілдіктегі әйел-қыздар секторының жауапты ұстаздары қатысты.

Жиында өңірдегі әйел-қыздар секторының жұмысын жандандыру, олардың кәсіби біліктілігін арттыру, ҚМДБ жанынан шыққан әдістемелік құралдарды пайдалану және жеті бағыт жұмыстарының орындалуы сөз болды.

Бас мүфти қазіргі қиындыққа қарамай, барынша ықыласпен жұмыс істеп келе жатқан ұстаздарға ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді. Одан бөлек аймақтағы діни білім алуға ұмтылған әйел жамағатының тәрбиесі, оларға қолайлы жағдай жасау, мешіттерде діни дәріс беру, салт-дәстүрді сақтау, ұрпақ тәрбиесі, отбасы құқығына қатысты алғышарттар және бала тәрбиесі жайлы айтылды.

Кездесу соңында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, Уағыз-насихат бөлімі тарапынан жоспар ұсынылды. Ал ұстаздар өз кезегінде өңірдегі проблемалар мен ұсыныстарын Бас мүфтиге жеткізіп, нақты жауап алды.

 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру