БАС МҮФТИ МЫСЫРДЫҢ УАҚЫП МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

24 сәуір 2024 1538 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабия Корольдігіне сапары барысында Мысыр Араб Республикасының Уақып министрі Мұхаммед Мұхтар Жұмамен кездесті.

Кездесуде бірнеше маңызды жайттар сөз болып, шешімін тапты. ҚМДБ Төрағасы ең алдымен Уақып министріне имамдарымыздың білімін арттырудағы үлесі үшін алғысын жеткізді. Оның ішінде Нұр-Мүбарак университеті мен имамдардың білімін жетілдіруге арналған Хусамуддин әс Сығанақи институтына ғалымдардың келуі тиісті деңгейде өз әсерін беруде деді Бас мүфти.

Өз кезегінде Мұхтар Жұма ҚМДБ Төрағасын Мысырда өтетін Құран жарысына құрметпен шақырды. Бас мүфти шақыртуды қабыл алды.

Одан бөлек министрмен Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті жанындағы Қамқоршылар кеңесінің отырыс күнін анықтау және дін қызметкерлерінің білімін жетілдіру, оның ішінде қазір оқып жатқан магистр, докторанттарды Уақып академиясында 10 күндік тегін оқыту жайы оңынан шешілді. Аталған мәселелер менің назарымда деді Мұхтар Жұма.

Кездесуде сонымен қатар екі ел үшін тиімді рухани бағыттағы ортақ жобалар сөз болды.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру