Бас мүфти «Мейірімділік мекені» қайырымдылық жобасына қатысты (ФОТО)

22 мамыр 2021 3289 0
Оқу режимі

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Батыс Қазақстан облысына жасаған ресми сапары барысында Бәйтерек ауданында өткен «Мейірімділік мекені» атты қайырымдылық іс-шарасына қатысты.

Игі іс-шарада Бас мүфти мүгедек жандар мен сал ауруына шалдыққан балаларға қажетті жаттығу құралдарын табыстады.

«Қайырымдылық – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жеті жұмыс бағыттарының бірі. Біз қашан да өз мүмкіндіктеріміздің аясында көмекке мұқтаж жандарға жәрдем беруге дайынбыз. Алла Тағала бұл сынақтың соңын жақсылаққа алмастырғай. Сынақтың әрбір сәті сауапқа толы болғай» – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру