Бас мүфти Малайзия елшісімен халал стандарт мəселесін талқылады (ФОТО)

22 қазан 2018 7505 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Астанада мүфтияттың Бас кеңсесінде Малайзияның еліміздегі Төтенше жəне Өкілетті Елшісі Саид Мохамад Бакри Бин Саид Абдул Рахман бастаған біртоп делегацияны қабылдады.

Екіжақты кездесуге Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің кеңесшісі Ерлан Әлімжанұлы, ҚМДБ төраға орынбасары Бауыржан Əбдірашұлы, ҚМДБ Халал стандарттау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Әліпбекұлы қатысты.

Басқосуда Бас мүфти мен мəртебелі мейман - Саид Мохамад Бакри Бин Саид Абдул Рахман еліміздегі халал стандарттау саласының бүгіні мен болашағы жайлы пікір алысты. Елші бұл бағытта мүфтиятқа Малайзия тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Сонымен қатар, кездесуде тараптар осы салада өзара тəжірибе алмасуға уағдаластық жасады.

Кездесу соңында Серікбай қажы Ораз қонақтарға "Ұлы дала төсіндегі Ислам" атты кітабын сыйға тартты.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру