Бас мүфти халықаралық конференцияда баяндама жасады (ФОТО)

08 желтоқсан 2021 3227 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Нұр-Сұлтан қаласында өткен халықаралық конференцияға қатысты.

«Конфессияаралық келісім – Қазақстан Тәуелсіздігінің негізі» тақыбырында өткен халықаралық басқосуда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Баршаңызды Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге мықты денсаулық, әр отбасыға амандық, жұмыстарыңызға береке тілеймін. Аллаға шүкір, тәуелсіздігіміздің арқасында мешіт-медреселеріміз көркейіп, Құрбан айт құрметіне демалыс жарияланды. 1991 жылы егемендік алған сәтте елімізде небары 68 мешіт болса, бүгінде құлшылық үйлерінің саны 2600-ге жетті. Егемендігіміздің алғашқы жылында елімізден 74 адам қажылық парызын өтеген болса, қазір жыл сайын ұлы сапарға барушылар саны 4 мыңнан асты. Осының бәрі Алланың қалауымен тәуелсіздігіміз бен бірліктің арқасында жүзеге асып отыр», – деп атап өтті.

Айта кетсек, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының ұйымдастыруымен өткен жиынға мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.  

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру