Бас мүфти кезекті Aппарат жиналысын өткізді (ФОТО)

10 маусым 2020 4282 0
Оқу режимі

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы кезекті Аппарат жиналысын өткізді.

Жиналыста Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2020-2025 жылдарға арналған қызметінің негізгі даму тұжырымдамасының жобасы талқыланды. Аталған тұжырымдама 2020-2022 және 2022-2025 жылдар аралығында екі кезең бойынша жүзеге асады.

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров аталған құжаттың мазмұнымен таныстырып, негізгі стратегиялық бағыттарға шолу жасады. Ал ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейітбеков тұжырымдама аясында қабылданатын «Зияткер имам» құжатын таныстырды.

«Стратегиялық жоспар – дамудың бағдаршамы. Сондықтан осы бағыттар бойынша жұмысымызды үнемі жетілдіріп отыруымыз керек. Әр бөлім өзіне тиесілі қызметті үнемі дамытып отыруы тиіс» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жиналыс соңында Бас мүфти ҚМДБ Орталық аппарат қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру