БАС МҮФТИ ЕРІКТІЛЕР МЕН ҚАСАПШЫЛАРҒА НАСИХАТ АЙТТЫ
15 маусым 2024
936
0
Оқу режимі
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Астана қаласындағы базарларды аралап, мүфтият жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының еріктілері мен «Халал даму» стандарттау және сертификаттау орталығының қасапшыларымен кездесті.
«Алла Тағала сіз бен бізге қасиетті іспен шұғылдану нығметін нәсіп етті. Бұл – сауабы мен жауапкершілігі мол іс. Алла қаласа бір күннен кейін келетін Құрбан айт мерекесінде белсенді қызмет көрсетіп, халқымыздың жүрегіне қуаныш ұялатуға бар күш-жігерімізді жұмсайық. Құрбан шалу, оның етін мұқтаж жандарға тарату – пайғамбарлардан жалғасып келе жатқан асыл іс. Баршаңызды белсенді қызмет көрсетуде ыждағатты болуға шақырамын» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру