Бас мүфти Батыр анаға пəтер кілтін табыстады (ФОТО)

11 қараша 2018 7678 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Жамбыл облысына жасаған іс-сапары аясында Тараз қаласында күміс, алтын алқа иесі, жалғызбасты, сегіз баланың анасы Айгүл Əмірееваға пəтер кілтін табыстады.

"Құтты қоныс болсын. Алла Тағала осы шаңырақтың ішін жақсылық пен берекеге толтырғай", - деп дұға жасады Бас мүфти.

Батыр ана жомарт жандарға алғысы мен жүрекжарды тілегін жеткізді. Айта кетейік, жаңа пəтер "Зекет" қорының ұйытқы болуымен, демеуші азаматтардың қолдауымен сатып алынған.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру