Бас мүфти Атырау облысы әкімімен кездесті (ФОТО)

15 қазан 2020 3854 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жұмыс сапарымен Атырау облысына келді.

Сапар аясында Бас мүфти Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовпен кездесті. Кездесу барысында тараптар өңірдегі діни ахуал, пандемия кезіндегі аймақтағы діни орындардың қызметі, діни кадр даярлау, теріс ағымдармен күрес мәселелерін талқылады.

«Пандемия кезінде Діни басқармаға қарасты мешіттер жұмысын жаңа форматта жалғастырды. Заманауи технология мүмкіндігін пайдалану арқылы халқымызға қолдау білдірдік. Уағыз-насихаттар онлайн форматқа көшті. Мешіт есіктері жабылғанымен, сауап есіктері жабылмады. Қайырымдылық бағытындағы шаралар күшейтілді. Сонымен бірге мүфтият бірқатар маңызды құжаттар қабылдады. Пандемия жағдайында жаназа шығару, ас беру рәсімінің арнайы тәртібі бекітілді. Мешіттерімізде азан тоқтатылмады, Құран хатым жасалып, құрбандықтар шалынды. Халқымыздың бірлігінің арқасында бұл сынақтан да аман өттік», – деп атап өтті ​Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесу барысында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов асыл дінімізді дәріптеу, ел бірлігін нығайту жолында еңбек етіп жатқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына алғысын жеткізді. «Баршамыздың атқарып жүрген еңбегіміз ортақ. Мақсатымыз – еліміздің бірлігін, амандығын сақтау, әл-ауқатын нығайту» деген облыс әкімі діни кадр даярлау мәселесінде жергілікті атқарушы билік тарапынан қолдау жалғасатынын айтты. ​

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру