Бас мүфти Ақтөбеде өткен рухани кеште уағыз айтты (ФОТО)

26 қыркүйек 2018 6825 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Ақтөбе облысына барған жұмыс сапары аясында Өнер орталығында өткен рухани кешке қатысты.

ҚМДБ-ның "Ислам жəне отбасы" жылы аясында өткен рухани шарада сөз бастаған Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы:

"Отбасындағы басты құндылықтардың бірі - ер мен əйелдің өзіне қатысты міндеттерді ықыласпен орындауы. Жанұя нəпақасын табу, отбасын баспанамен, киім-кешекпен қамтамасыз ету, науқастанса - емдеу, бала тəрбиесі, т.б. амалдар ер адамның мойнындағы міндеттер. Ал ер азаматтың ары мен абыройын сақтап, сыры мен құпиясын қорғау, жолдасына мойынсұну, шаңырақтың шаттығын кіргізу - әйел адамның міндеттері. Ер мен əйел бір-біріне кешіріммен, мейіріммен қараса олардың арасындағы өзара сүйіспеншілік пен махаббат артады", - деді.

Рухани кеште тəлімі мен тағылымы мол термелер, толғаулар орындалды. Белгілі жыршы Жəкен Омаров Майлықожаның термелерін орындап, жамағатқа жақсы адам болуды жырмен жеткізді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру