Бас мүфти «Әлжан ана» мешітінде жұма уағызын жүргізді (ФОТО)

20 қараша 2021 3700 0
Оқу режимі

Бүгін, қасиетті жұма күні Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Әлжан ана» мешітінде жұма құтпасын оқып, жамағатқа жұма уағызын жүргізді.

ҚМДБ Төрағасы «Жамағатпен құлшылық етудің сауабы» тақырыбында Исламда мұсылман адамның көпшілікпен бірге болып, ғибадат-құлшылықтарын өзге мұсылмандармен бірге атқаруының маңызы өте үлкен екенін атап өтіп, мұсылман адамның жамағатпен бір болуының артықшылығына тоқталды.

Жамағатпен атқарылған құлшылық жеке атқарылған құлшылықтан сауап тұрғысынан артық екенін, жамағатпен құлшылық ету – өзара бірлікте болуға ықпал ететінін, жамағатпен бірге болған адам, шайтанның азғыруынан аман болатынын және де жамағатпен намаз оқу мұсылмандарды тәртіп пен жүйеге тәрбиелейтінін тілге тиек етті.

Уағыз соңында Наурызбай қажы Тағанұлы Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Жамағатпен бірге болу – мейірім, ал одан бөліну – азап», – деп айтқан өсиетін саралап, жиналған жамағат алдында елімізге амандық, береке-бірлік тілеп, дұға жасады.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру