Бас мешітте балалар қуанышқа бөленді (ФОТО)
ҚМДБ жанындағы Республикалық бас мешітте әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қолдау мақсатында қайырымдылық шарасы өтті.
Елордада күн ерте суытатындықтан бұл жолы мұқтаж отбасылардың балаларына жылы киімдер берілді. Қанат Қыдырмин бастаған мешіт имамдары жомарт жандардың демеушілігімен елордалық 84 оқушыны қуанышқа бөлеп әрі зәулім ғимарат тынысымен таныстырды.
Сәулеті келіскен әлемдегі ең үлкен мешіттердің біріне қонақ болған балалар риясыз ризашылығын білдіріп, мешіттің төменгі қабатында орналасқан асханадан алғашқылардың бірі болып дәм татты. Дастарқан басында ерекше көңіл-күйге бөленген балалар өлең оқыса, ата-аналары ізгі ниетін жеткізіп, мешіт имамдары мен барша демеуші азаматтарға алғысын білдірді.
Дереккөз: Республикалық бас мешіттің баспасөз қызметі