БАС ИМАМНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

26 маусым 2026 180 0
Оқу режимі

Елордадағы «Ар-Рахман» мешітінде 35 отбасыға азық-түлік берілді. Қайырымдылық іс-шарасына Астана қаласының бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлы арнайы қатысты. Бас имам ізгі істің әрдайым жалғасатынын айтып, жақсылыққа ортақтасқан жандарға ризашылығын жетізді.

«Білесіздер ҚМДБ жұмысының бір бағыты қайырымдылық. Осы ретте Астана өкілдігі Әзірет Сұлтан мешітінің ұйымдастыруымен өздеріңізге сый-сияпат жасағалы отырмыз. «Жақсылықтың жақсылықтан басқа қайтарымы бар ма?» деп «Ар-Рахман» сүресінде баяндалғандай, шынында жақсылықтың қайтарымы ‒ тек жақсылық қана. Құранда Алла Тағала: «Жақсылықты ықыласпен істеушілерді қуандыр!» ‒ деп бұйырады. Ізгі іске ортақтасып, бір жағы Сіздердің баталарыңызды алайын деп арнайы осы ауданға келіп отырмын. Біздің шынайы ықыласымызды қабыл алыңыздар. Дәл осы Ар Рахман мешітіндегі қайырымдылық іс-шарамызды Зекет қоры Астана өкілдігі тоқтатпайды. Әркез осылай жақсы іске себепші болуымызды Алла нәсіп етсін», - деді бас имам.

Айта кетейік Астана өкілдігінің «Зекет және қайырымдылық» қоры Өндіріс тұрғын алабында орналасқан «Ар-Рахман» мешіті жамағатын әрдайым қуантып келеді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру