БАС ИМАМ «СҮНДЕТ 2023» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

28 қыркүйек 2023 2276 0
Оқу режимі

Елорда тұрғындарының өтініштері мен сұрауы бойынша Елордалық мәслихат мүшелері «Сүндет» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Тегін сүндеттеу шарасын №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының көп жылдық өтілі бар, білікті хирургтары жүргізді. Кішігірім отадан соң «жігіт» болып шыққан бүлдіршіндерді түрлі ойыншықтар мен тәттілер қарсы алды.

Игі шараға Астана қаласының Бас имамы ЕРболат Нұрылдаұлы арнайы қатысып, сүндетке отырған балақайлар мен ата-аналарына жылы лебізін білдірді. Балақайлардың үлкен азамат болып ержетуін тілеп, ақ батасын берді.

Айта кетейік, «Сүндет» қайырымдылық акциясы жыл сайын өткізіліп келеді. Биылғы жылы тегін медициналық қызметті көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 50-ден астам бала алған. Мұқтаж отбасылар тізімін аудандық әкімдіктер ұсынған.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру