БАЛАЛАР МЕН АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)
Бүгін Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Баланы жастан» атты 7-12 жас аралығындағы жас жеткіншектер мен олардың ата-аналарына арналған симинар өтті. Семинарды жүргізген мешіт ұстазы Шалқар Жолды балалармен кері байланыс жасай отырып, ата-ананы құрметтеу, қадірін білу туралы уағыз-насихатын айтты. Ал ата-аналарға олардың асыл дініміз шегендеп берген бала алдындағы міндеттерімен таныстырды.
Мешіттің тұрақты шәкірттері қатысқан бұл жиында діни және ұлттық салт-дәстүрлер бойынша сұрақтар да қойылып, белсенді қатысушыларға сыйлықтар берілді. Спикер балаларға ұлттық ойын түрлерін баяндап, танымдық ақпараттар берді. Сондай-ақ, танымдық, рухани, сезімге толы бейнероликтер көрсетіліп, жиынның көркін аша түсті.
«Балалар ата-анасының көңіл бөлгенін, бірге уақыт өткізуін қалайды және ата-анасымен бірге шұғылданған істері жадында ұмытылмастай сақталады. Сондықтан насихатқа толы осындай шараларды ата-аналармен бірге өткізу – өте пайдалы», - дейді мешіт ұстазы Шалқар Жолды.
Дереккөз: Muslim.kz