«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН»: ЖҰМАҒА КЕЛГЕН ЖАМАҒАТҚА ЗӘМЗӘМ МЕН ҚҰРМА ТАРАТЫЛДЫ (ФОТО)

20 қыркүйек 2024 95 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі «Әзірет Сұлтан» мешітінде қасиетті Мәуліт айының құрметіне жұмаға келген жамағатқа қасиетті зәмзәм суы, құрма мен арнайы дұғалар жазылған қалта қағаздары таратылды.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) туылған Рабиғул әууәл айында жүзеге асып отырған игі шарада мешіт қызметкерлері тарапынан «Мәуліт айы құтты болсын!» айдарымен арнайы баннер ілініп, Мәуліт сыйы үстел үстінен орын алды. Жұмаға жиылған жамағат құрмадан дәм татып, зәмзәм суын ішіп, сүйікті Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауаттарын жолдап жатты.

Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала: «Расында, Алла және періштелер Пайғамбарға салауат айтады. Әй, мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер», – деп бұйырады. Ал, Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өзі: «Қияметте маған ең жақын адам – маған көп салауат айтқан адам», – деген екен.

Пікірлер Кіру